15 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №15 

206 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 19 қаңтар,Астана қаласы Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 ақпанда № 13102 болып тіркелді «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілері тізбеге сәйкес айқындалсын. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №15 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің тізбесі* 1 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі 2 Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 3 Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі 4 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 5 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 6 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 7 Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы 8 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бөлінген желі) 9 Республикалық бюджетің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 10 Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 11 Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 12 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 13 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 14 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 15 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 16 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi 17 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 18 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi 19 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 20 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 21 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 22 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 23 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 24 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 25 Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі (бөлінген желі) 26 Қазақстан ұлттық банкі (бөлінген желі) 27 Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық 28 Ақмола облысы әкімінің аппараты 29 Ақтобе облысы әкімінің аппараты 30 Алматы қаласы әкімінің аппараты 31 Алматы облысы әкімінің аппараты 32 Астана қаласы әкімінің аппараты 33 Атырау облысы әкімінің аппараты 34 Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты 35 Жамбыл облысы әкімінің аппараты 36 Қарағанды облысы әкімінің аппараты 37 Қостанай облысы әкімінің аппараты 38 Қызылорда облысы әкімінің аппараты 39 Манғыстау облысы әкімінің аппараты 40 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты 41 Павлодар облысы әкімінің аппараты 42 Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты 43 Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты 44 Ақмола облыстық мәслихатының аппараты 45 Ақтобе облыстық мәслихатының аппараты 46 Алматы қаласы мәслихатының аппараты 47 Алматы облыстық мәслихатының аппараты 48 Астана қалалалық мәслихатының аппараты 49 Атырау облыстық мәслихатының аппараты 50 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты 51 Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты 52 Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты 53 Қостанай облыстық мәслихатының аппараты 54 Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты 55 Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты 56 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты 57 Павлодар облыстық мәслихатының аппараты 58 Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты 59 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты 60 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы 61 «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы 62 «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы 63 «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы 64 «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 65 «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы 66 «Қазпошта» акционерлік қоғамы 67 «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 68 «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық, атом компаниясы» акционерлік қоғамы 69 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы 70 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 71 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 72 «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 73 «Қазақстан Ғарыш Сапары» үлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 74 «Kazsatnеt» үлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 75 «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы 76 «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 77 «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы 78 «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 79 «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 80 «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 81 «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы 82 «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 83 «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 84 «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 85 «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 86 «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 87 «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 88 «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 89 «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 90 «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы 91 «Кәсіпқор» холдингі» акционерлік қоғамы 92 «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 93 «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 94 «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 95 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 96 «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ескерту: * жетекші басқармалар, аймақтық органдар, ұйым және мемлекеттік және жергілікті атқарушы, орталық атқарушы және мемлекеттік сайлау органдарының жүргізу болатын мемлекеттік мекемелерді қоса; заңмен құрылған жергілікті және басқа да соттарды. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 17 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13102 болып енгізілді.